1. Postigo.kz сайтына тіркеліңіз;
2. Postigo.kz жеке кабинетіңізде АҚШ және Түркиядағы қоймаларының мекенжайы көрсетіледі;
3. Сіз тапсырыс бергіңіз келетін сайттан тапсырыс берген кезде, жеткізу мекенжайы ретінде сізге берілген қоймалардың бірінің мекенжайын көрсетіңіз;
4. Тапсырыс біздің компаниямыздың АҚШ және Түркиядағы қоймаларының біріне жеткеннен кейін, сізге электрондық пошта арқылы хабарлама жіберіледі. Сонымен қатар, Postigo.kz жеке кабинетіңіз арқылы тапсырыстың ағымдағы жағдайын қадағалай аласыз;
5. Тапсырыс Қазақстанға жеткізілгеннен кейін, сізге SMS және электрондық пошта арқылы хабарламалар келеді.
Дүкендер мен шетелдік пошта қызметтері сайттарында әдетте тауардың болжамды салмағы көрсетілетініне назар аударыңыз!
Postigo қоймаларында тауар шетелден келген кезде, оның салмағы электронды таразымен тексеріледі, сонымен қатар нақты салмағы тіркеледі.
Халықаралық әуе көлігі ассоциациясының метрлік стандарттарына сәйкес, тасымалданатын жүктің салмағы екі тәсілмен есептелуі мүмкін. Тауардың көлеміне байланысты:
Физикалық салмақ
Көлемдік салмақ
Екі көрсеткіш те қарастырылады және қайсысы үлкен болса, жеткізу құны осы көрсеткіш бойынша есептеледі.
Тапсырыстың құны физикалық және көлемдік салмаққа байланысты есептеледі
Көлемдік салмақты есептеу формуласы:
Ені (см) x Ұзындығы (см) x Биіктігі (см) / 6000 = Көлемдік салмақ (кг)
Декларация — бұл клиенттің тапсырыс берген тауары туралы ақпарат, Postigo.kz жеке кабинетінің “Декларация” бөлімінде шетелдік қоймаға жеткізілмей тұрып көрсетіледі.
Тапсырыс туралы ақпаратты шетелдік қоймаға тапсырыс жеткізілмей тұрып енгізу қажет. Жүктер бойынша декларация тек тауар сатушыдан курьерге жеткізілгеннен кейін және бақылау нөмірі (Tracking number) ұсынылғаннан кейін ғана толтырылады.
Декларацияда келесі ақпараттар көрсетіледі: бақылау нөмірі, дүкеннің атауы, тауардың санаты және сатушы жіберген инвойс (Invoice).
Қазақстан әуежайына жеткізілген әрбір тапсырыс кедендік тексеруден өтеді.
Ерекшеліктер:
Сатушылар сатып алушыға бақылау нөмірінсіз тауарды сирек жіберетін болса, декларация тек тапсырыс қоймаға келіп түскеннен кейін ғана толтырылуы керек.
Ақпаратты дұрыс енгізу —тапсырыстың уақытында жеткізілуінің маңызды шарты болып табылады.
Жеткізуді төлеу қажет болған жағдайда, төлемді банк картасымен біздің шетелдік қоймаға тапсырыс келіп түскеннен кейін жасауға болады. Назар аударыңыз, бізге тек біздің қоймаларымыздан Қазақстанға дейінгі жеткізу төленеді. Егер дүкен сатып алу кезінде біздің қоймамызға АҚШ және Түркиядан жеткізу құнын қосқан болса, ол төлемді сіз өзіңіз тауармен бірге төлейсіз. Қазақстан ішінде жеткізу де жеке курьерлік қызметтерге олардың тарифтері мен төлеу шарттарына сәйкес бөлек төленеді.
Біздің қоймамыз бар елдерге жеткізу қызметін көрсететін кез келген дүкеннен тапсырыс жасай аласыз.
Түркия мен АҚШ-тан кез келген өнімді сатып алуға арналған - кешенді қызмет. Бұл жағдайда біз сіздің атыңыздан интернет-дүкеннен тапсырыс береміз және сатушымен барлық қажетті әрекеттерді және келіссөздерді жүргіземіз. Осы жағдайда біздің комиссиямыз жалпы тауар құнынан 10% құрайды, Қазақстанға жеткізу құны осы сомаға кірмейді.
* Дүкен тапсырысты жинап болғаннан кейін, ол жеткізу үшін пошта-контракторына беріледі. Пошта тапсырысқа идентификациялық нөмір, яғни Tracking Number береді, бұл арқылы сатып алушы тапсырыстың қозғалысын соңғы бағытқа жеткенше бақылай алады.
* Tracking Number тапсырыстың орналасқан жерін курьердің қоймасынан бастап тағайындалған жерге дейін бақылауға мүмкіндік береді.
* Әрбір тапсырысқа жеке Tracking Number беріледі, ол бірегей және қайталанбайды.
* Сіз өз посылкаңыздың орналасқан жерін шетелдік курьерлік қызметтердің сайтында бақылап, тапсырысыңыз тасымалдаушының қоймасына жеткізілгенше бақылай аласыз.
Тауарды қайтару, тауар сатып алынған дүкеннің шарттарына сәйкес жүзеге асады. Біз тапсырыс Қазақстанға жіберілмей тұрып, оның қайтарылуына көмек көрсете аламыз.
Сіздің жеке куәлігіңіз кедендік тексерістен өту үшін қажет.
Ең жоғарғы құны: 200 еуроға дейін
Ең жоғарғы салмағы: 31 кг-ға дейін
Егер тапсырыстың құны немесе салмағы аталған лимиттерден асса, кедендік баж салығын төлеу қажет.
БАЖ салығы лимиттен асу түріне байланысты есептеледі:
Тек құндық лимит асқан жағдайда:
200 еуродан асқан сомаға 15% мөлшерінде БАЖ салығы салынады.
Тек салмақтық лимит асқан жағдайда:
31 кг-нан асқан әрбір килограмм үшін 2 еуро төленеді.
Екі лимит те асқан жағдайда:
Екі төлем түрі де есептеледі:
– Құны асып кеткен сомаға 15%
– Артық салмақ үшін әр кг-ға 2 еуро
Сіздердің назарларыңызға, келесі заттар мен заттар топтары әуе қатынасы арқылы тасымалдауға тыйым салынғанын жеткіземіз. Барлық тапсырыстар біздің мамандарымыз бен АҚШ әуе тасымалы қауіпсіздік қызметтері тарапынан мұқият тексеріледі. Егер сіз тыйым салынған заттарды сатып алсаңыз, оларды дүкенге қайтаруды ұйымдастыру үшін 30 күннен аспайтын мерзімде қоймада сақталады, одан кейін жойылады.
Қару-жарақ (атылатын, пневматикалық, спорттық, суық қару, көшірмелері, үлгілері), оның кез келген қосалқы бөлшектері мен компоненттері, дәл көшірмелері және оқ-дәрілері, кез келген санатта немесе пішінде, соның қатар ойыншықтар;
Оптикалық бағдарлар мен тактикалық жарықшамдар (қолмен ұстайтын және қаруға бекітілетін), соның ішінде бинокльдер, аксессуарлар мен бекіту элементтері;
Пышақтар, кездіктер (тамақ пышақтарынан және жинақталатын пышақтардан басқа), балталар, мачеттер;
Түнде көру құралдары мен түнде көру аксессуарлары, жылу көретін құрылғылар мен жылу іздегіштер, металл іздегіштер;
Радио құрылғылары мен радиотелефондар;
Пиротехника мен пиротехникалық заттар;
Өртке қауіпті сұйықтықтар немесе ұнтақтар, аэрозольдер, оның ішінде газ баллондары;
Спиртті хош иісті заттар, шаш және тырнақ бояуы және басқа заттар;
Литий аккумуляторлары (тек жаңа құралдар құрамында рұқсат етіледі);
Улы заттар, күйдіргіш, уытты, күшті әсер ететін және радиациялық материалдар, сынап термометрлері;
Бояулар, ағартқыштар, желімдер;
Отыны бар тауарлар;
Темекі бұйымдары мен шегуге арналған қоспалар, соның ішінде электронды темекілер мен сұйықтықтары;
Алкоголь өнімдері, этил спирті, сыра;
Кез келген түрдегі және күйдегі өсімдіктер, өсімдік тұқымдары, тыңайтқыштар;
Тез бұзылатын азық-түліктер;
Нашақорлық заттар, психотропты заттар мен олардың прекурсорлары, соның ішінде дәрі-дәрмектер түрінде;
Ақша, чектер, облигациялар және басқа бағалы қағаздар, жетондар, медальдар, банк карталары;
Мәдени құндылықтар, өнер туындылары мен суреттер;
Порнографиялық мазмұндағы басылымдар мен материалдар, нәсілдік, ұлттық, діни үстемдік, қатыгездік пен зорлық-зомбылық культі;
Зергерлік бұйымдарынан басқа : қымбат тастар
Құрғақ мұз;
Автокөліктер үшін қауіпсіздік жастықтары;
Жануарлар, бүргеге қарсы моындықтар мен спрейлер;
Сирек кездесетін жануарлардың терісінен жасалған киімдер мен аксессуарлар;
Bitcoin процессорлары және басқа ұқсас жүйелер;
Инфекциялық заттар, биологиялық материалдар, химиялық заттар;
Дүниежүзілік пошта одағы мен Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес тасымалдауға тыйым салынған басқа тауарлар.
Егер сіз сатып алатын тауардың тасымалдауға тыйым салынғанына сенімді болмасаңыз, бізге қолдау қызметіне хабарласып, біздің мамандарымыздан білікті кеңес алуды ұсынамыз.
Тапсырысты алу кезінде жеке куәлігіңізді көрсету қажет.
Тасымалдаушы (Carrier) — бұл тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе оны жүзеге асыруға міндеттеме алатын тұлға немесе компания.
Тапсырыс беруші — camex.az сайтында тіркеуден өткен және компания қызметтерін пайдаланатын кез келген жеке тұлға.
Жөнелту мекенжайы (Shipping address) — онлайн сатып алу кезінде клиент көрсететін тапсырыстың жеткізілу мекенжайы.
Төлем мекенжайы (Billing Address) — клиенттің банк картасының тіркелген мекенжайы.
Тапсырыс нөмірі (Order number) — клиенттің тапсырысының нөмірі.
Трек нөмірі (Tracking number) — бұл тапсырыстың қозғалыс кезеңдерін қадағалауға мүмкіндік беретін бірегей пошталық идентификатор.
Тапсырыс растамасы (Order confirmation) — сатушының тапсырысты қабылдағанын растайтын құжат.
Жөнелту растамасы (Shipping confirmation) — сатушының тапсырысты клиент көрсеткен мекенжайға жібергенін растайтын құжат.
Инвойс (Invoice) — халықаралық сауда тәжірибесінде сатушының сатып алушыға ұсынатын және тауарлар мен қызметтердің тізімін, олардың мөлшері мен бағасын көрсететін құжат.